NBK Online

халықтың Ұлттық Банкпен реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылы үшін ыңғайлы құрал

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау

Өтініштер бөлімдері

7-20-25

Бұл бөлімде Сіз «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» Бағдарламаға қатысты сұрақ қоя аласыз

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Қаржылық қызметтерді, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының қызметтерін алған кезде тұтынушылардың құқықтарын бұзу. Екінші деңгейдегі банктерде, сақтандыру ұйымдарында, зейнетақы қорларында,бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, микроқаржы ұйымдарының қызметтерін алуды жоспарлап отырған не оларды пайдаланған тұтынушылардың құқықтарымен байланысты мәселелер бойынша консультациялар алу.

Invest Online

Invest Online қосымшасының жұмысы бойынша сұрақтар. Invest Online – Ұлттық Банктің ноттарына онлайн-режимде, тәулік бойы, комиссиясыз және салықтарсыз инвестициялауға мүмкіндік беретін арнайы мобильдік қосымша. Invest Online қосымшасының жұмысы бойынша қосымша консультацияны 8800 080 86 68 телефоны, investonline@csd.kz электрондық поштасы бойынша тәулік бойы техникалық қолдау желісі бойынша өтініш жасай отырып алуға болады.

Банкноттар мен монеталар

Банкноттар; бағалы металдардан жасалған монеталар; инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату; тозған банкноттарды және бүлінген монеталарды айырбастау; коллекциялық монеталарды шығару тақырыбы; бағалы металдардан жасалған монеталарды сақтау жөніндегі ұсынымдар.

Депозиттер бойынша кепілдік

Қазақстан Республикасындағы депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі бойынша сұрақтар: кепілдік беру объектілерінің тізбесі, жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізбесі, кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі, кепілдік берілген өтемді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі және т.б. Сұрақтарға жауаптарды «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ береді. Осы сұрақтар бойынша қосымша ақпаратты жұмыс уақытында Қордың жедел желі телефоны 8 800 080 10 20 бойынша хабарласып алуға болады (қоңырау шалу тегін).

Коллекторлық агенттіктердің қызметі

Коллекторлық агенттіктердің қызметі; коллекторлық агенттіктердің және екінші деңгейдегі банктерден және микроқаржы ұйымдарынан қарыздар алған борышкерлердің өзара іс-қимылы бойынша жалпы мәселелер

Алтын құймалар

Тазартылған алтынның сертификатталған өлшеуіш құймаларын сатып алуға байланысты мәселелер. Қосымша ақпарат алу үшін +7 (727) 2704 569 телефонына өтініш жасауға болады.

Ипотекалық кредиттер

Кредиттеу; қарыздарды қайта қаржыландыру; кепілмен және кепілсіз кредиттеу; қарызды өтеу жөніндегі; төлем жасауға қабілетсіз ипотекалық қарыз алушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі жалпы мәселелер.

Айырбастау операциялары

Айырбастау пунктері мен уәкілетті ұйымдардың қызметі жөніндегі мәселелер.

Банктерде қызмет көрсету

ЕДБ қызметі; банктің конфиденциалды ақпаратты ашып көрсетуі бөлігінде ҚР заңнамасының сақталуы; көрсетілетін банктік қызметтер туралы ақпаратты банктің ашып көрсетуі жөніндегі; банктік салым шарттарын жасау жұмысы; клиенттердің өтініштерін банктердің қарауы жөніндегі жалпы мәселелер.

Төлемдер

Банк шотынан, банк шотын ашпай, төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу талаптарына және тәртібіне қатысты мәселелер.

Банкоматтардың жұмысы

Екінші деңгейдегі банктердің банкоматтарының жұмысы және олар арқылы жүргізілетін операциялар туралы сұрақтар қою және пікір білдіру.

Қазақстан Ұлттық Банк Төрағасы Е.А. Досаевқа сұрақтар

Бұл бөлімде Сіз Қазақстан Ұлттық Банк Төрағасы Е.А. Досаевқа сұрақ қоя аласыз. Сіздің сұрағыңыздың NBK Online-дағы бар бөлімге қатысты тақырыбы болса, Сіз оны тиісті бөлімде тікелей қоя аласыз.

Жұмысқа орналасу

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жұмысқа орналасумен және жоғары оқу орындары студенттерінің практикадан өтуімен байланысты сұрақтар.

Өзге де

Бұл жерде Сіз жоғарыда көрсетілген бөлімдерде қамтылмаған сұрақтарды қоя аласыз.

Валютаның ресми (нарықтық) бағамы

Жіберілетін жауаптар ҚР ҰБ-ның ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндірме сипаты бар. Ресми жауап алу қажеттілігі болған кезде Сіздерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰБ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. Консультациялар алу үшін Сіздер ҚР ҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бере аласыздар. Телефоны: +7 (727) 261-92-13.

 

© Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2018

www.nationalbank.kz