№ 11 баспасөз релизі

№ 11 баспасөз релизі

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. деңгейіндегі пайыздық дәлізде сақтай отырып 9,00%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Жылдық инфляция наурызда нысаналы дәліздің ортасынан төмен болып қалыптасты. Инфляциялық күтулердің төмендеуі жалғасты. Сыртқы секторда бірқатар оң үрдістер байқалып отыр: негізгі сауда әріптестері елдерде инфляцияның бәсеңдеуі, сондай-ақ сыртқы шикізат нарықтарындағы бағаның өсуі.

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім инфляцияның ағымдағы серпінінің және ағымдағы жылға арналған болжамдарының сәйкес келуіне, сондай-ақ 2020 жылға арналған күтулерге қатысты қабылданады.

 Жылдық инфляция ағымдағы жылғы наурызда 4,8%-ды (2018 жылғы желтоқсанда 5,3%) құрады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы ағымдағы жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 6,0%-ға (2018 жылғы желтоқсанда 6,4%) жетіп, жылдық серпіннің біртіндеп баяулағанын көрсетті. Азық-түлік тауарларының бағасы инфляцияның өсуіне аздаған үлесті қамтамасыз ете отырып, 2018 жылғы наурызбен салыстырғанда 2018 жылғы наурызда 6,7%-ға (2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2018 желтоқсанда 5,1%-ға) өсті. Ақылы қызметтің бағалары мен тарифтерінің жылдық өсуі 1,2%-ға дейін бәсеңдеді (2018 жылғы желтоқсанда 4,5%), бұл табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтерін төмендету жөнінде қабылданған шараларға байланысты.

Инфляциялық күтулер инфляцияның төменгі деңгейі аясында төмендеуде. Инфляцияның алдағы 12 айда күтілетін мәні  халықтың пікіртерімінің наурыздағы деректері бойынша 4,5% болды. Инфляцияның деңгейінен төмен инфляциялық күтулерді қалыптастыру болашақта инфляцияны тұрақтандыруға оң ықпал ететін болады.

Халықтың іскерлік белсенділігі мен кірістерінің өсуі жалғасты. Қысқа мерзімді  экономикалық индикатор 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша жылдық көрсетуде 104,2% болды. Құрылыс (8,9%), сауда (7,2%), тау-кен өндіру өнеркәсібі (4,8%), көлік (4,4%), ауыл шаруашылығы (3,6%) өсуге оң үлес қосты. Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі үш айда өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 7% болды.

Экономикадағы ішкі сұраныс халықтың  нақты ақшалай  кірістерінің (жылдық көрсеткіш  бойынша қаңтар-ақпанда 9,4%-ға) өсуімен, сондай-ақ  банк секторындағы тұтынушылық кредиттер  портфелі кеңеюінің (жылдық көрсеткіш  бойынша ақпанда 13,5%-ға) сақталып  отырған үрдісімен    ынталандырылады.

Сыртқы секторда қалыпты-жағымды ая байқалады.  Мұнайдың  бағасы жоғары  деңгейде (жыл басынан  бастап BRENT маркалы мұнайдың  бір  баррель  үшін  орташа баға деңгейі 64 АҚШ долларын құрады) қалыптасты. Сыртқы монетарлық талаптар базалық мөлшерлеме бойынша алдыңғы қабылданған  шешіммен салыстырғанда айтарлықтай  өзгерген жоқ,  олардың  ағымдағы  әсері бейтарап ретінде бағаланды. Қытайдағы және ЕО-ғы инфляция осы  елдердің нысаналы  бағдарынан  төмен  деңгейде  қалыптасты.  Соған  қарамастан,  Ресейден  жоғары  инфляция  импортының тәуекелі  сақталып  отыр.

Базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қарамастан ақша-кредит талаптары бейтарап болып қалуда. Базалық мөлшерлеме бойынша ағымдағы шешім  2019-2020 жылдарда 4-6%-дық  нысаналы дәліз шегінде қалыптасқан инфляциялық аяны бақылауды сақтауға және экономикалық өсуге барынша ықпал етуге мүмкіндік береді.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де  жарияланады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Ақпараттық хабар

Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша қаржы реттеушісінің жұмысы туралы айтып берді

Қазақстан қор биржасындағы валюталық сауда-саттықтың қорытындылары мен көлемі туралы T+1

USD/KZT_TOM валюталық жұбы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы ақпарат

Жіберілетін жауаптар ҚР ҰБ-ның ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндірме сипаты бар. Ресми жауап алу қажеттілігі болған кезде Сіздерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰБ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. Консультациялар алу үшін Сіздер ҚР ҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бере аласыздар. Телефоны: +7 (727) 261-92-13.

 

© Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2018

www.nationalbank.kz