Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Бүгін 15 сәуірде Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1% пайыздық мөлшерлеме дәлізімен 9%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлеме де тиісінше 10%-ға және 8%-ға дейін төмендетілді. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев телевизиялық БАҚ үшін арналған брифингтің барысында айтып берді.

Ол базалық мөлшерлеме – ақша-кредит саясатының негізгі құралы деп атап өтті. Ол орта мерзімді кезеңде инфляцияның нысаналы бағдарына жетуге мүмкіндік беретін деңгейде белгіленеді. «Біздің бағалауымыз бойынша базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі инфляцияны 2019-2020 жылдарға белгіленген 4-6%-дық дәліз шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Е. Досаев.

Ол базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар факторға негізделеді деп қосты. Олардың ішінде ағымдағы жылы инфляцияның төмендеуі бойынша деректер, халықтың оның болашақ серпініне қатысты күтулері, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы бойынша күтулер, сондай-ақ сыртқы шикізат нарықтарындағы қолайлы үрдістер.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы ағымдағы инфляциялық ая қалыпты деп бағаланады деп айтты. Ағымдағы жылғы наурызда жылдық инфляция 4,8% болды.

«Инфляцияның құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы ағымдағы жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 6,0%-ға жетіп, бір жарым жыл ішінде жылдық серпіні біртіндеп баяулағанын көрсетті», - деп хабарлады
Е. Досаев.  

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы атап өткендей, азық-түлік тауарларының бағасы инфляцияның өсуіне көп үлес қоса отырып, ағымдағы жылғы наурызда жылдық өлшемде 6,7%-ға өсті. Осындай серпіннің себебі, Е. Досаевтың айтуы бойынша, ұсыныс факторлары – негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің, сондай-ақ импорттық өнімнің қымбаттауы болды.

«Инфляцияның төмендеуі көбінесе ақылы қызметтердің баға серпініне негізделді. Бағалардың және олар бойынша тарифтердің жылдық өсімі 1,2%-ға дейін баяулады, бұл осы құрауыштың тарихи ең төменгі мәні болып табылады. Қызметтер тарифтерінің төмендеу процесі елдің барлық өңірлерінде іс жүзінде аяқталғанын және одан әрі, бұл фактордың инфляцияның серпініне әсері төмендейтіні күтілетінін атап өтемін», - деді
Е. Досаев.

Ол ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейінің ағымдағы мәндеріне қатысты 5-5,3%-ға дейін біршама жоғарылауы күтілуде, ол халық кірісінің экономиканың бюджет, сол сияқты жеке секторларында да өсуін ынталандыру аясында
4-6%-дық нысаналы бағдарда қалыптасады деп қосты. «Біздің бағамыз бюджеттің әлеуметтік шығысының өсуі ағымдағы жылы инфляцияның қосымша өсуінің 0,2-0,3%-ын құрайтындығын көрсетіп отыр», - деп атап өтті Е. Досаев.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы Қазақстан Ұлттық Банкінің шешіміне ықпал еткен факторлар туралы айтып берді.

Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының хабарлағанындай, біріншіден, ағымдағы жылы халықтың инфляциялық күтулерінің төмендеуіне үрдіс жалғасып отыр. «Негізгі фактор нақты жылдық инфляцияның бәсеңдеуі және теңгенің айырбастау бағамының тұрақтануы болды. Сауалнама нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың ақпанымен салыстырғанда наурызда  келесі 12 ай ішінде бағалар осылай жылдам өседі немесе бұдан да жылдам өседі деп санайтын респонденттердің үлесі  58,3%-ға дейін төмендеді», - деп атап өтті Е.Досаев.

Ол бір жылдан кейін күтілетін инфляцияның сандық бағалауы жылдық инфляция деңгейінен төмен сақталып, 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша жылдың басынан бері  5%-ға төмендеп, 4,5%-ды құрады.

«Екіншіден, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың кеңеюі. 2019 жылғы қаңтар-ақпанда халықтың нақты кірісі жылдық көрсетуде 9,4%-ға өсті. Халықтың сұранысы банк секторының тұтынушылық кредиттері портфелінің өсуімен (ақпанда жылдық көрсетуде 13,5%-ға ынталандырылады. 2019 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға инвестицияның өсуі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,0%-ды құрады», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Үшіншіден, Е. Досаев түсіндіргеніндей, іскерлік белсенділік өсуінің жалғасуы, бұл экономикадағы сұраныстың баға көрсеткіштеріне әсерін шектей отырып, оған қатысты сұраныстың кеңеюін жоққа шығарады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 4,2% болды.

Ұлттық Банктің басшысы шикізат нарығындағы жоғары бағалардың арқасында сыртқы секторда қалыпты-оң ая байқалады. 

                Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының айтуынша, сыртқы монетарлық талаптар тұрақты деңгейде сақталуда. Сонымен, АҚШ ФРЖ және РФ БҚ өздерінің базалық мөлшерлемелерін бұрынғы деңгейде сақтай отырып, оларды өзгерткен жоқ.

Ресейден келетін импорттың 38% деңгейдегі жоғары үлесі Қазақстанға инфляция импортының негізгі факторы болып отыр деді Е. Досаев.       

 «Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан әрі шешім инфляцияның нақты серпіні мен және ағымдағы жылға біздің болжамымыздың, сондай-ақ біздің 2020 жылға күтулеріміздің сәйкес келуіне байланысты қабылданатын болады», - деп түсіндірді Ұлттық Банктің Төрағасы.

Е. Досаев 2019 жылғы 26 наурызда Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойғанын еске салды.

 «2019-2021 жылдары инфляция дәлізі кейіннен 3-5%-ға дейін төмендей отырып,
4-6% деңгейінде сақталады. Базалық мөлшерлеме нақты көрсетуде 3-3,5%-дан төмен емес деңгейде қолдау табады», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Е. Досаев қолданыстағы ақша-кредит талаптары бейтарап деңгейде қалуда екендігін баса атап өтті. Жуырдағы екі жылда бұл экономиканы салқындату тәуекелдерін тартуы мүмкін қатаң шараларды қабылдауды болдырмауға мүмкіндік береді және экономикалық өсу қарқындарын қолдауға барынша ықпал ететін болады.   

«Біз базалық мөлшерлеменің кредиттеуге оң ықпалын байқап отырмыз. Өткен жылдың басынан бастап базалық мөлшерлеменің 10,25%-дан 9,25%-ға дейін төмендеуі банк секторындағы қарыз алу мөлшерлемелерін төмендетуге ықпал етті», - деп атап өтті  Е. Досаев.

Кәсіпорындарға берілетін теңгедегі кредиттер бойынша мөлшерлеме 2019 жылғы ақпанда 12,4% деңгейінде қалыптасты, ал қысқа мерзімді кредиттер 12,1%-бен, ұзақ мерзімді кредиттер 13,5%-бен берілді. «Жеке тұлғаларға теңгедегі қарыздар бойынша мөлшерлемелер соңғы жылы 19,4%-дан 18,2%-ға дейін төмендеді», -  деді Ұлттық Банк Төрағасы.

Е. Досаев атап өткендей, өткен жылы және ағымдағы жылы банктердің баланстарын тазартумен қатар қорландыру құнының төмендеуі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жыл басынан бастап жаңа кредиттерді берудің 11,2%-ға немесе  1,9 трлн теңгеге ұлғаюына мүмкіндік берді.   

Ағымдағы жылғы 11 сәуірде Маңғыстау облысына сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банкке кредиттеу мөлшерлемесін одан әрі төмендету және экономиканы қаржыландыру көлемін ұлғайту тетіктерін пысықтауды тапсырды. 

«Аталған тапсырма аясында Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімі банктер тартатын қаражат құнын төмендетуге және соның салдарынан соңғы қарыз алушылар үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыруға оң әсер етеді», - деді Е. Досаев.

Базалық мөлшерлеме жөніндегі кезекті шешім 2019 жылғы 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 17:00-де жарияланатын болады.   

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Ақпараттық хабар

Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша қаржы реттеушісінің жұмысы туралы айтып берді

Қазақстан қор биржасындағы валюталық сауда-саттықтың қорытындылары мен көлемі туралы T+1

USD/KZT_TOM валюталық жұбы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы ақпарат

Жіберілетін жауаптар ҚР ҰБ-ның ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндірме сипаты бар. Ресми жауап алу қажеттілігі болған кезде Сіздерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰБ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. Консультациялар алу үшін Сіздер ҚР ҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бере аласыздар. Телефоны: +7 (727) 261-92-13.

 

© Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2018

www.nationalbank.kz