Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

12 сәуірдегі  сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,1%-ға нығайып (379,84-тен), 379,59 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 5 сәуірден 12 сәуір аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар  АҚШ-та инфляция бойынша (+0,4% м/м), наурыздағы өндірушілер бағасы бойынша (+0,6% м/м) деректерді, сондай-ақ экономикалық болжамның және экономика үшін тәуекелдердің өзгеруіне байланысты Комитет мүшелерінің басым көпшілігі негізгі мөлшерлемені жыл соңына дейін сақтау туралы пікір білдірген АҚШ ФРЖ-нің наурыздағы отырысының хаттамасын жария ету, ХВҚ-нің әлемдік экономиканың өсу қарқынын 3,3%-ға дейін (өткен болжамда 3,5%) төмендетуі, ЕОБ-нің негізгі мөлшерлемені өзгермейтін деңгейде сақтау туралы шешімі, Ұлыбританияның ЕО-дан шығу мерзімін      31 қазанға дейін ұзарту,  Қытайдан әкелінетін экспорттың өсу қарқынының наурызда (+14,2% г/г) күтпеген жерден өсуі туралы статистиканың шығуы болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Мексика песосы  АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда келіссөздеріндегі алға басуларға байланысты жаһандық тәуекел-сентиментінің жақсаруы, сондай-ақ  Қытайдан әкелінетін экспорттың өсу қарқынының жылдамдауы туралы деректердің жариялануы аясында 1,7%-ға (19,07-ден 18,75-ке  дейін) нығайды;
  • Ресей рублі  ФҚО-нің рекордтық көлемін табысты орналастыру және мұнай бағасының бір баррель үшін  $70 баррельден жоғары өсуі аясында 1,6%-ға (65,3-тен  64,28-ға дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды  кэрри-трейдке арналған кірістіліктің тартымдылығы және шетелдік инвесторлардың жергілікті бағалы қағаздарға салымдарының өсуі аясында  0,9%-ға (14,09-дан 13,97-ге дейін) нығайды. 
  • Үндістан рупиясы мұнай бағасының өсуінен болған наурызда инфляцияның 2,86% г/г дейін жылдамдауы туралы деректердің шығуы аясында 0,1%-ға  (69,23-тен  69,18-ге дейін) әлсіреді; 
  • Индонезия  рупиясы  халықаралық резервтердің  наурыздың соңына ең жоғарғы 11 айлыққа өсуі аясында  0,1%-ға (14 133-тен 14 120-ға дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы Үкіметтегі саяси қайшылықтардың және пара алғаны үшін күдікті болуы бойынша төменгі палата спикеріне қатысты тергеу туралы хабардың аясында 0,3%-ға (3,87-ден 3,88-ге дейін) нығайды; 
  • Түрік лирасы Үкіметтің банктерді $4,9 млрд  мөлшерінде қолдау жоспарын ұсынуына  қарамастан (капиталды мемлекеттік банктерге құю, жұмыс істемейтін қарыздар аударылатын 2 қор құру) 2,7%-ға (5,63-тен 5,78-ге дейін)  әлсіреді. 

 


1 ) шолуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ашық дереккөздердің негізінде апта сайын дайындайды

2) АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Ақпараттық хабар

Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша қаржы реттеушісінің жұмысы туралы айтып берді

Қазақстан қор биржасындағы валюталық сауда-саттықтың қорытындылары мен көлемі туралы T+1

USD/KZT_TOM валюталық жұбы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы ақпарат

Жіберілетін жауаптар ҚР ҰБ-ның ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндірме сипаты бар. Ресми жауап алу қажеттілігі болған кезде Сіздерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰБ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. Консультациялар алу үшін Сіздер ҚР ҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бере аласыздар. Телефоны: +7 (727) 261-92-13.

 

© Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2018

www.nationalbank.kz