Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

9 тамыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы  бір аптада 0,4%-ға әлсіреп (385,76-дан), бір АҚШ доллары үшін 387,47 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 2 тамыз 9 тамыз  аралығындағы кезеңде құны 300 млрд. доллар болатын Қытай тауарларына жоспарланған 10%-дық  баждар енгізуге жауап шарасы ретінде соңғы 10 жыл ішінде Қытай юанінің  АҚШ долларына қатысты тарихи ең жоғары мөлшерге дейін әлсіреуі болды, ол алтын бағасының 2013 жылдан бастап ең жоғары мәнге жетуіне, сондай-ақ мұнай бағасының төмендеуіне, оның  ішінде АҚШ-тың мұнай қорының өсуі туралы деректердің шығуына байланысты болды.    

Дамушы елдердің валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Түрік лирасы орталық банктің жергілікті қарыз алушыларды ұзақ мерзіммен валюталық своптар арқылы қаржыландыруды бастау жоспарлары және апталық репо арқылы өтімділікті ұсыну тәжірибесінен ауытқу, сондай-ақ Societe Generale-дің лираның толық бағаланбағаны туралы хабарлардың аясында  1,1%-ға  (5,56-дан 5,50-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі  65,24 және 65,26 аралығында саудаланды. Рубльге факторлар жиыны әсер етуін жалғастыруда, оның ішінде мұнай бағасының төмендеуі, АҚШ тарапынан жаңа санкциялар пакеті және Fitch халықаралық агенттігінің елдің ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингін BBB- ден ВBB-ге  көтеруі әсер етті;
  • Индонезия  рупиясы ІЖӨ-нің баяу өсуі және 2019 жылғы 2-тоқсанының нәтижелері бойынша ағымдағы шот дефицитінің  өсуі аясында 0,1%-ға (14 185-тен 14 194-ке дейін) әлсіреді. Ел Үкіметі бюджет дефицитін қаржыландыру үшін мемлекеттік облигациялардың үлкен көлемін шығару жоспары туралы мәлімдеді;
  • Мексика песосы шілдеде инфляцияның төмендеуі аясында 0,6%-ға (19,3-тен  9,41-ге дейін) әлсіреді. Талдаушылар орталық банктің мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін талдауда;
  •  Бразилия реалы шілдеде инфляцияның 2014 жылдан бері ең жоғары мәнге жетуі, орталық банктің ІЖӨ-нің өсу қарқынының баяулауы және орталық банктің базалық мөлшерлемені төмендету арқылы экономиканы ынталандыруды ұсынуға әзірлігі туралы белгісінің аясында 1,3%-ға (3,89-дан  3,94-ке дейін) әлсіреді.;
  •  Үнді рупиясы Үндістанның Резервтік банкі репо мөлшерлемесін күткенге қарағанда 30 б.т. (5,40%-ға дейін) неғұрлым көп төмендетуі аясында 1,7%-ға (69,6-дан 70,79-ға дейін) әлсіреді. Талдаушылар мөлшерлеменің 25 б.т төмендеуін болжады;
  • Оңтүстік Африка ранды әлемдік экономиканың баяулау тәуекелінің өсуіне байланысты жергілікті нарықтан капиталдың әкетілуі  аясында   3,1%-ға (14,79-дан 15,25-ке  дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан көбірек саудаланатын дамушы елдер валюталар

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстан қор биржасындағы валюталық сауда-саттықтың қорытындылары мен көлемі туралы T+1

USD/KZT_TOM валюталық жұбы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Жіберілетін жауаптар ҚР ҰБ-ның ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндірме сипаты бар. Ресми жауап алу қажеттілігі болған кезде Сіздерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰБ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. Консультациялар алу үшін Сіздер ҚР ҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бере аласыздар. Телефоны: +7 (727) 261-92-13.

 

© Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2018

www.nationalbank.kz