Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларына және бастамаларына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

  • Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша

Бағдарлама екі блоктан тұрады.

1) Бірінші блок 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыздар алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Қазақстан Ұлттық Банкі көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде револьверлік тетікті ескере отырып 167, 2 млрд теңге сомаға 27 068 қарыз мақұлданды, 151,5 млрд теңге сомаға 25 664 қарыз қайта қаржыландырылды.

2) Бағдарламаның екінші блогы жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

2019 жылғы 10 тамызда банктер 71,1 млрд теңге сомаға 8 156 өтінімді мақұлдады, 56,8 млрд теңге сомаға 6 745 қарыз қайта қаржыландырылды.

Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш жасау қажет.

Өңірлерге және банктерге қатысты ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру туралы толығырақ ақпаратпен, сондай-ақ Өңірлерге және банктерге қатысты ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөліміндегі сілтемесі бойынша танысуға болады. Осы сілтеме бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің, екінші деңгейдегі банктердің  аумақтық филиалдары халықпен Бағдарламаның талаптарын түсіндіру бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс деректері орналастырылды.

Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкінің және банктердің тиісті филиалдарына не олардың  аумақтық қатыстылығына байланысты өтініш жасау қажет.

Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банк сайтының «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады.

  • «7-20-25» бағдарламасы бойынша

            «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 188,2 млрд теңге сомаға  қарыз алуға 16 677 өтініш қабылданды. Оның ішінде 112,6  млрд теңге сомаға  қарыз беруге  9 813  өтініш мақұлданды. 

Бағдарламаның талаптарымен сілтеме бойынша танысуға болады. 

Егер Сізде бағдарламалар бойынша сұрақтар туындаса, Қазақстан Ұлттық Банкіне мыналар:

- 050040, Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй; e-mail: hq@nationalbank.kz мекенжайы бойынша ресми түрде;
            -  Алматы қаласы, Әйтеке би к-сі, 67, анықтама телефондары +7(727) 2788104 (ішкі 5571, 5573) мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіру арқылы. Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары олардың аумақтық бағыныстылығына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өтіне алады;

Егер Сіздерде «7-20-25» Бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, «Баспана»  ипотекалық ұйымы» АҚ-да www.baspana72025.kz.  өтініш білдіруді сұраймыз. Тәулік бойы + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша  call-орталық жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстан қор биржасындағы валюталық сауда-саттықтың қорытындылары мен көлемі туралы T+1

USD/KZT_TOM валюталық жұбы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Жіберілетін жауаптар ҚР ҰБ-ның ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндірме сипаты бар. Ресми жауап алу қажеттілігі болған кезде Сіздерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰБ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. Консультациялар алу үшін Сіздер ҚР ҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бере аласыздар. Телефоны: +7 (727) 261-92-13.

 

© Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2018

www.nationalbank.kz