Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

6 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы  бір аптада 0,1%-ға әлсіреп (387,46-ден), бір АҚШ доллары үшін 387,82 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 30 тамыз  6 қыркүйек   аралығындағы кезеңде АҚШ ФРЖ басшысының пайыздық мөлшерлеменің   тағы да төмендеу ықтималдығы туралы мәлімдеуі, бұл ретте ол  АҚШ-та  рецессияны  күтулердің болмауын атап өтті, тамызда АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша әр түрлі деректерді жария ету  – жұмыссыздықтың өзгермейтін деңгейі (3,7%) және ауыл шаруашылық секторынан тыс жұмыс орындары санының өсу қарқынының төмендеуі (130 мың), тамызда АҚШ-та іскерлік белсенділіктің баяулауы (50,7), тамызда ҚХР-да іскерлік белсенділіктің өсуі (50,4)  туралы статистиканың шығуы, ҚХР Сауда министрлігінің АҚШ-пен келіссөздер қайта басталатыны жөніндегі мәлімдемесі: кезекті раунд қазан айының басында өтеді, Гонконг әкімшілігі басшысының  оның салдарынан жаппай наразылық акциялары болып жатқан экстрадициялау туралы заңнан формалды түрде бас тартуы туралы мәлімдемесі  болды.

Аталған факторлар дамыған елдер валютасымен салыстырғанда АҚШ доллары бағамының әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды капиталдың әкелінуі және ІЖӨ-нің өсуі бойынша позитивті деректердің шығуы аясында 2,6%-ға (15, 2-ден 14,81-ге дейін) нығайды; 
  • Мексика песосы инвесторлардың тәуекел-сентиментінің жаһандық өсуі және тамызда елдегі іскери белсенділіктің қысқаруы (қатарынан үш ай) туралы деректердің шығуына қарамастан АҚШ доллары бағамының әлсіреуі аясында 2,6%-ға (20,06-дан 19,53-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жақсаруы, нарыққа қатысушылардың АҚШ долларына  сұранысын қанағаттандыру бойынша ОБ-нің өктемдік жүргізуінің жалғасуы аясында 2,2%-ға (4,15-тен 4,06-ға дейін) нығайды. Зейнетақылық заң жобасы Сенаттың Комитетінде дауысқа  шығарылады, Конгресс сенаторы процесті жылдамдату үшін қажетті түзетулерді қатар қарауды ұсынды;
  • түрік лирасы тамызда инфляцияның баулауы туралы деректердің шығуы  аясында  2,1%-ға  (5,83-тен 5,71-ге дейін) нығайды; 
  • Ресей рублі мұнай бағасына бағалардың позитивті серпіні және АҚШ долларының  дамушы нарықтардың валюталарына қарағанда жаһандық әлсіреуі аясында 1,4%-ға (66,72-ден 65,78-ге дейін) нығайды. РФ ОБ негізгі мөлшерлемені 7%-ға дейін 25 п.т. төмендету туралы шешім қабылдады;
  • Индонезия  рупиясы АҚШ пен ҚХР арасындағы келіссөздерді жаңғырту туралы хабардың аясында 0,7%-ға (14 198-ден 14 101-ге дейін) нығайды.
  • үнді рупиясы  ІЖӨ-нің 2019 жылғы 2-тоқсанда өсуінің  5%-ға ж/ж дейін баяулауы туралы деректердің шығуы аясында 0,4%-ға (71,41-ден 71, 73-ке  дейін) әлсіреді. 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстан қор биржасындағы валюталық сауда-саттықтың қорытындылары мен көлемі туралы T+1

USD/KZT_TOM валюталық жұбы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы ақпарат

Банктердің Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарының көлемі

Банктердің Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарының көлемі туралы ақпарат

Жіберілетін жауаптар ҚР ҰБ-ның ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндірме сипаты бар. Ресми жауап алу қажеттілігі болған кезде Сіздерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰБ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. Консультациялар алу үшін Сіздер ҚР ҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бере аласыздар. Телефоны: +7 (727) 261-92-13.

 

© Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2019

www.nationalbank.kz