Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

4 қазандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы  бір аптада 0,3%-ға  әлсіреп  (387,63-тен), бір АҚШ доллары үшін 388,89 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 27 қыркүйек – 4 қазан  аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ-тың қызмет көрсету саласында іскери белсенділік индексі қыркүйекте 52,6%-ды құрап (өткен айда - 56,4%) үш жылдық минимумға дейін  төмендеді, өнеркәсіп секторының көрсеткіші 47,8%-ға дейін (49,1%-дық көрсеткіштен) қысқарды. АҚШ-тың Қаржы министрлігі америкалық инвесторлардың Қытайға портфельдік салымдарына шектеулерді талқылау туралы хабарды ішінара жоққа шығарып, АҚШ биржаларында қытайлық компаниялардың акцияларымен сауда-саттыққа тыйым салудың жоспарда жоқ екені туралы мәлімдеді. Қыркүйекте АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша әркелкі есеп жарияланды: ауыл шаруашылыққа жатпайтын секторда еңбекпен қамтылу 136 мыңға өсті, бұл талдаушылардың күтулерінен төмен, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі жарты ғасырлық минимумға дейін 3,5%-ға төмендеді. 

 Аталған факторлар дамыған елдер валютасымен салыстырғанда АҚШ доллары бағамының әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • бразилия реалы тамызда өнеркәсіптік өндірістің 0,8%-ға а/а ұлғаюы (талдаушылардың күтулерінен жоғары), зейнетақы реформасының мәтінін Конгресс  Сенатының 1- дауыс беруінде мақұлдау аясында 2,4%-ға (4,16-дан 4,06-ға дейін) нығайды;
  • мексика песосы USMCA мәмілесінің төңірегінде оқиғалардың жағымды өрбуі аясында 0,9%-ға (19,69-дан 19,51ге дейін) нығайды:  шенеуніктер демократтардың мәміле бойынша ескертулерін қанағаттандыру мақсатында жұмыс істеуде, Мексика өкілі импичмент процесі мәмілеге қауіп төндірмейтіні туралы, сондай-ақ мәтіннің 2020 жылдың басында  бекітілуі ықтимал екендігі жөнінде мәлімдеді;
  • оңтүстік Африка ранды Оңтүстік Африканың басқарушы партиясы экономиканың өсуін ынталандыру бойынша бірқатар ұсыныстарды  мақұлдауы туралы жаңалықтардың аясында 0,5%-ға (15,13-тен 15,05-ке  дейін) нығайды, алайда кейбір мемлекеттік активтерді сату бойынша даулы бастама қолдау таппады;
  • индонезия  рупиясы Президенттің еңбек заңнамасындағы реформалар, шетелдік инвестициялау үшін экономиканың түрлі секторларының қолжетімділігін арттыру бойынша жоспарланып отырған шараларды жария етуі аясында 0,2%-ға (14 173-тен 14 138-ге дейін)  нығайды;
  • ресей рублі бір апта ішінде 64,67 деңгейде қалып, айтарлықтай өзгерген жоқ. Бағамға мұнай бағасының төмендеуі жағымсыз әсер етті. Ресей Банкі Төрағасының бірінші орынбасары РФ ОБ базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету үшін белгілі бір кеңістік көріп отырғаны жөнінде мәлімдеді; 
  • түрік лирасы  инфляцияның бір мағыналы мәндерге дейін баяулауы жөнінде деректердің шығуы аясында 0,5%-ға (5,67-ден 5,7-ге дейін) әлсіреді;  
  • үнді рупиясы  0,5%-ға (70,57-ден 70,89-ға  дейін) әлсіреді. Үндістанның ОБ экономиканы жандандыру үшін базалық мөлшерлемені қатарынан бесінші рет 5,15%-ға азайтты, реттеуші экономиканың өсу болжамын 6,1%-ға (алдыңғы болжам -6,9%)  төмендетті.

[1]  АҚШ долларына қатысты  көлемдер  тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Банктердің Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарының көлемі

Банктердің Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарының көлемі туралы ақпарат

Банктердің Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарының көлемі

Банктердің Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарының көлемі туралы ақпарат

Жіберілетін жауаптар ҚР ҰБ-ның ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндірме сипаты бар. Ресми жауап алу қажеттілігі болған кезде Сіздерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰБ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. Консультациялар алу үшін Сіздер ҚР ҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бере аласыздар. Телефоны: +7 (727) 261-92-13.

 

© Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2019

www.nationalbank.kz