Пайдалану қағидалары

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын пайдалану үшін тиісті түрде осы Келісімге қосылған жеке тұлға (бұдан әрі – Пайдаланушы) арасындағы қатынастарды реттейді.

1.2. «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы (бұдан әрі – Қосымша) Ұлттық Банкпен реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-әрекет жасау үшін халыққа қолайлы мобильдік құралды ұсынады. 

1.3. Пайдаланушылар сұрақтар қоя алады және жедел тәртіппен жауап алады. Жауаптар бір тәулік ішінде беріледі. Демалыс және мереке күндері түскен сұрақтарға жауаптар келесі жұмыс күні ішінде беріледі.

1.4. Қосымшаға орналастырылатын жауаптардың айрықша түсіндірме сипаты болады және Ұлттық Банктің ресми жауаптары болып табылмайды. Ұлттық Банк жауаптарында конфиденциалды ақпаратқа жататын ақпаратты бермейді.  

1.5. Қосымша қысқаша сипаты бар бірнеше бөлімді қамтиды. Пайдаланушы сұрақты тиісті бөлімге қоя алады.

1.6. Қосымшаны Пайдаланушының мобильдік құрылғысына орнату осы Келісімге қосылудың акцепті және Пайдаланушының оның талаптарымен келісуінің растамасы болып табылады.

1.7. Осы келісімді Ұлттық Банк біржақты тәртіппен өзгертуі және/немесе толықтыруы мүмкін. Бұл ретте осы Келісімге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін Қосымшаны пайдалануды жалғастыру Пайдаланушының осындай өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келісетінін білдіреді.

1.8.  Қосымшаның мазмұнына және жұмыс істеуіне, үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуына байланысты жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен шағым талаптарын электрондық пошта: press@nationalbank.kz. мекенжайына жіберуге болады.

 

2. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарын тиісінше сақтауға міндеттенеді.

2.2. Пайдаланушы Қосымшаны жеке коммерциялық емес пайдалануға байланысты мақсаттардан басқа кез келген өзге мақсаттарға пайдаланбауға міндеттенеді.

2.3. Пайдаланушы Қосымша арқылы жарнамалық, ақпараттық және басқа да осындай сипаттағы хабарларды таратпауға/жібермеуге міндеттенеді.

2.4. Пайдаланушы Қосымшаны үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға пайдаланбауға, оның ішінде:

2.4.1. Қосымша арқылы қорлаудан, жала жабудан, цензурадан өтпейтін пікірден тұратын материалдарды, порнографиялық немесе мораль нормаларына қайшы келетін өзге материалдарды, мейрімсіздікті, террорды немесе адамның ар-намысын қорлайтын зорлық-зомбылықты көрсететін немесе насихаттайтын материалдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін өзге де материалдарды немесе осындай материалдарды қамтитын интернет – сайттарға және басқа ресурстарға сілтемелерді орналастырмауға.

2.4.2. Қауіп-қатерден тұратын, алаяқтық сипаттағы, жеке немесе жария мүдделерге қол сұғатын, нәсілдік, діни, этникалық жеке көрушілікті немесе өшпенділікті насихаттайтын кез келген ақпаратты және материалдарды, сондай-ақ адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құқықтарын бұзатын кез келген өзге ақпаратты орналастырмауға.

2.4.3. Әлеуметтік,  нәсілдік,  ұлттық немесе діни  жеке көрушілікті немесе өшпенділікті тудыратын насихат пен үгітті, стандартты емес сексуалдық бағыттағы адамдарға өшпенділікті, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік артықшылықты насихаттауды жүзеге асырмауға.

2.4.4. егер Пайдаланушы осындай іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті болмаса,  қолжетімділігі шектеулі кез келген ақпаратты (конфиденциалды ақпаратты)  Қосымша арқылы орналастырмауға және бермеуге.

2.4.5. Қосымша арқылы спамды, сондай-ақ басқа кез келген қажетсіз ақпаратты таратпауға.

2.4.6. Мәні жоқ, мазмұны дұрыс емес ақпаратты орналастырмауға міндеттенеді.

 

3. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Ұлттық Банк Пайдаланушыға Қосымшаның жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпаратты жіберуге, оның ішінде Қосымшадағы ақпараттық және өзге хабарларды орналастыруға құқылы.

3.2. Пайдаланушы Қағидаларды әрбір бұзғаны үшін ескерту алуы және 1  күндік мерзімге, екінші ескертуді алғанда 5 күндік мерзімге «оқу үшін ғана» режіміне ауысуы мүмкін, үшінші ескерту алғанда 40 күндік мерзімге бұғатталады.

 

4. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

4.1. Ресми жауапты алу қажеттілігі кезінде, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банкқа өтініш беруі қажет.

4.2. Осы Келісімде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

4.3. Осы Келісім Пайдаланушы үшін Қосымшаны мобильді құрылғыда орнатқан және Пайдаланушы тіркелген кезден бастап күшіне енгізіледі. Осы Келісім мерзімсіз қолданыста болады.

4.4. Егер осы Келісімнің қандай да бір ережесі заңсыз деп танылса, бұл осы Келісімнің басқа ережелерінің заңдылығы мен қолданылуына әсер етпейді.

 

Жіберілетін жауаптар ҚР ҰБ-ның ресми жауаптары болып табылмайды және түсіндірме сипаты бар. Ресми жауап алу қажеттілігі болған кезде Сіздерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҰБ-ға өтініш білдіруіңіз қажет. Консультациялар алу үшін Сіздер ҚР ҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш бере аласыздар. Телефоны: +7 (727) 261-92-13.

 

© Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2018

www.nationalbank.kz